Жаңа көліктермен толықты

Сәу 24, 2025

Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» табиғи резерваты жаңа техникалармен толықты. Бұл мақсатқа 931 млн теңге қаржы жұмсалған.

Жаңа техникалардың қатарында өрт сөндіруге арналған 34 заманауи жеңіл көлік, 15 трактор бар. Осы техникалар арқылы орман өрттерінің алдын алуға, патрульдік жұмыстар мен жедел әрекет етуге мол мүмкіндік туды, дейді резерват мамандары. Себебі, арнайы көліктер өрттің тұтануын ерте анықтайтын құрылғылармен жабдықталған.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысының міндетін атқарушы Қазбек Әметовтің айтуынша, жаңа көліктер өрт шыққан жерге жедел жетіп, тез өшіруге көмектеседі.

Атап өтерлігі, резерватың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға айрықша мән берілуде. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын ғана 5 тонналық 3 КамАЗ сатып алынған. Ал бүгінде тағы да 50-ге жуық жаңа көлік табыс етілді. Барлық техника кез келген жағдайға сақадай сай дайын тұр.

Резерват өкілдері автопарктің жаңартылуы өрт ошақтарын жоюмен қатар, қызметкерлер санын арттыруға да мүмкіндік беретінін алға тартуда. Көп кешікпей бұл мәселе де оң шешімін таппақ.

Н.ШОДЫР.