Аудан жұртшылығы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуда. Тұрғындар көшелерді абаттандырып, саябақтарды қоқыстан тазартып, демалыс орындарында алма ағашын отырғызды.
Ертіс ауылы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, іс-шараға 1500-ден астам адам, 100-ге жуық мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын, 50 бірлік техника жұмылдырылып, 850 тонна қоқыс шығарылды. Қоғамдық қызметкерлер орталық стадионда ағаштарды түптеу жұмыстарына қатысып, адам жиналатын орындарда орындық орнатты. Ертіс ауылында 600-ге жуық қарағай көшеті отырғызылды. Мәдениет үйі мен аудандық кітапхана қызметкерлері зират аумағында тазалық жұмысын жүргізіп, қоршауларын сырлады. Осылайша, аудан жұртшылығы акция аясында туған өлкелерін көркейтіп, жастарға патриоттық тәрбие көрсетуде.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.