Тозған шатыр ауыстырылады

Мау 5, 2025

Ақсу қаласына қарасты Құркөл ауылындағы мәдениет үйі осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған еді. Соңғы жылдары ғимарат төбесінің тозығы жетіп, су аға бастады. Бұл қолайсыздықты жою үшін күрделі жөндеу жұмысы қолға алынды.

Таяуда шаһар басшысы Болатбек Кәрімов М.Омаров атындағы ауылдық округте атқарылып жатқан істердің барысын бақылап қайтты. Құркөл ауылындағы мәдениет үйінің шатырын ауыстыру. Сәуір айында іске кіріскен мердігерлер бір апта дересінде жоспарлы жұмысты аяқтауы тиіс.

Сондай-ақ, Құркөл және М.Омаров ауылдарының кіреберіс жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

— Мәмәйіт Омаров ауылына кіреберіс 1,1 шақырым, Құркөлге кіреберіс
2,2 шақырым жол қалпына келтірілуде. Өткен жылы Сырлықала, Көктерек, Дөнентаев және Еңбек ауылдарының кіреберіс жолдары асфальтталған еді. Сөйтіп, соңғы екі жыл ішінде округке қарасты барлық елді мекендерге апаратын жолдар толықтай жөнделді, — деді Б.Кәрімов.

Одан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Еңбек және М.Омаров ауылдарында көше шамдары орнатылып, ішкі жолдарға күрделі жөндеу жүргізілді. Былтыр осы бағдарлама бойынша Еңбек ауылында дәрігерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілген еді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.