Аулалар абаттандырылды

Там 28, 2025

Биыл Екібастұз қаласында аулаларды абаттандыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Жаңа ойын және спорт алаңдары орнатылып, аула ішіндегі жолдар реттелді.

Кеншілер шаһарында орамішілік және аулаішілік аумақтарды абаттандыру жұмыстарына баса мән берілуде. Соның жарқын дәлелі ретінде барлығы 50 ойын алаңы, 9 көше воркауты және стритбол алаңы жаңартылып, аулаларға асфальт төселді. Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 9 жаңа алаң құру жұмыстары атқарылуда.

Таяуда шаһар басшысы Аян Бейсекин М.Жүсіп көшесі, 52-үй ауласына барып, қолға алынған жұмыстар барысын көрді. Мұнда жарықтандыру, асфальттау, жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы осы аулада футбол алаңын салу жоспарлануда.

Жалпы, Аян Уахитұлы алдағы екі-үш жыл дересінде қаланың барлық ауласын абаттандыру міндеті тұрғанын айтты.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.