Техникалық тексеріс жүргізілді

Қыр 4, 2025
Engineer checking Condenser Water pump and pressure gauge chiller water pump with pressure gauge.

Қара суық келетін күн алыс емес. Осыған орай Баянауыл ауданында әлден-ақ әзірлік жұмыстары басталып кетті.

Таяуда аудан орталығындағы әлеуметтік нысандар, атап айтқанда, білім беру мекемелері, аурухана, мәдениет үйі және ауылдық әкімшілік ғимаратының жылу қазандықтарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында қазандық жабдықтарының қысқы жылыту маусымына дайындығы, қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуы, автоматты басқару және дабыл беру жүйелерінің жұмыс істеу деңгейі бақыланып, отынмен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілді.

Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, басты мақсат – қыс мезгілінде әлеуметтік мекемелерде жылу беру жүйесінің дұрыс іске қосылуы үшін алдын ала қадағалау жұмыстарын жүргізу. Мұндай техникалық тексерулер жылыту маусымы басталғанға дейін жоспарлы түрде жалғасатын болады, дейді мамандар.

Н.ШОДЫР.