Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» резерватында «Қауіпсіз шабындық» экологиялық акциясы жалғасуда.
Аталмыш резерват өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда орман-тоғай өрттерінің алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, шөп шабушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау талаптары қатаң ескертілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік инспекторлар шабындық жерлерде рейдтер өткізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша халықпен түрлі кездесулер ұйымдастыруда. Мамандар өңір тұрғындарын бұл акцияға атүсті қарамауға шақыруда.
— Табиғатты қорғау — баршамызға ортақ міндет. Сондықтан шөп шабу кезінде және табиғат аясында саяхат шараларын ұйымдастырған сәтте өрт қауіпсіздігін ұмытпайық, — дейді «Ертіс орманы» резерватының өкілдері.
Н.АҚЫТЕГІ.