Тіс емдеуге көмегі тиеді

Қыр 11, 2025

Железин аудандық ауруханасына жаңа заманауи жабдық жеткізілді. Аурухананың стоматология бөлімшесіне арналған жабдық алдағы уақытта тіс емдеу ісінің сапасын арттыруға айтарлықтай септігін тигізеді деп күтілуде.

Бұл туралы жағымды жаңалық аудандық аурухананың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

— Бөлімшенің жаңартылуы озық технологияларды қолдана отырып, тістерді диагностикалау мен емдеуді жүргізуге жол ашады. Енді науқастар қарапайым тіс жегісін емдеуден бастап күрделі процедураларға дейінгі қызметтердің кең ауқымын ала алады. Жаңа техника дәрігерлердің жұмыс дәлдігін арттырып қана қоймай, емделу үдерісін науқастар үшін ыңғайлы әрі ауырсынусыз етеді, — делінген ақпаратта.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.