Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары «Қауіпсіздік апталығы» аясында мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жуырда қызметкерлер бастауыш сыныпқа өрт қауіпсіздігі тақырыбында сабақ өткізді.
Мамандар қызыл жалынның пайда болу себептерімен таныстырып, тілсіз жаудан қорғанудың тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларға өрт сөндіру құралдарын, жауынгерлік киімдерімен таныстырды. Тыныс алуға болмайтын ортада қолданылатын құрылғылар мен өрт-техникалық жабдықтарын қолдануды үйретті. Балалар сала мамандарына көкейдегі сұрақтарын қойып, өрт сөндірушілердің жұмысына қызығушылық танытты.
Атап өтерлігі, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары ауыл тұрғындары арасында да пешті пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтауды үйретуде.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.