Мәдениет үйі жөнделуде

Қыр 18, 2025

Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылында ауылдық мәдениет үйіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 95 пайызы орындалған.

Жөндеу барысында қазандықтарды орнату, ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу секілді негізгі жұмыстар қолға алынған. Аула аумағына тас төсем төсеу толық аяқталды. Өткен аптада мердігерлік ұйым нысанның аумағын қоршау жұмыстарын бастап, сахнаның сәндік жабдықтарын орнатуға кірісті.

Жуырда Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов аталған нысанда болып, жөндеу барысымен танысты. Әкім мердігер ұйымға жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, әлеуметтік мекеменің жөндеу жұмыстары қыркүйек айының 20-сына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

А.БОРАНБАЕВА.