Көмек қолын созады

Қыр 18, 2025

Ел ертеңі болар балалардың денсаулығына айрықша назар аудару — мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Шарбақты ауданында балаларға арналған даму және ерте араласу орталығының тұсауы кесілді.

Аталмыш орталықты ашудағы негізгі мақсат – балалардың денсаулығына қатысты медициналық және әлеуметтік қауіптерді ерте анықтап, дер кезінде көмек қолын созу, дейді мамандар.

Жаңа орталықта балалар дәрігері, патронаждық медбикелер, психолог кабинеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ, баланы дамыту және тамақтандыру бойынша ресурс орталықтары құрылған. Мұнда келген балғындар мен жеткіншектер арнайы мамандар тексеруінен өтіп, өздерін дамыту үшін өзге де қызмет түрлеріне жүгіне алады.

Атап өтерлігі, орталық ойыншықтар, әдістемелік құралдар және басқа да қажеттіліктермен қамтылған.

Н.АҚЫТЕГІ.