Биыл Баянауыл ауданының Жаңажол ауылдық округіне қарасты Қарашоқы ауылын дамыту мәселесі оң шешімін табуда. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға елді мекен тұрғындары дән риза.
Аудан әкімі Ардақ Кісентаевтың айтуынша, қазіргі таңда аталмыш ауылда жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
— Облыс басшысы Асайын Байхановтың қолдауымен Қарашоқының көшелері жарықпен қамтамасыз етіліп, жаңа асфальт төселді. Сонымен қатар, 2,5 шақырымға көше жарығы орнатылып, Мәшһүр Жүсіп ауылында 500 метр, Қарашоқы ауылында 2070 метр жол асфальтталды, — дейді аудан әкімі. Оның айтуынша, мектепке баратын жол да жөнделіп, білім ордасының аумағына автотұрақ пен аялдама салынған.
Ауылды көркейту мақсатында жасалып жатқан осынау игі істерге тұрғындар риза болып, алғыстарын айтуда.
Н.ШОДЫР.