Қазандық жөнделуде

Қыр 25, 2025

Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылындағы Шідерті негізгі мектебіндегі жылыту жабдықтарын алмастыру жұмыстары жүргізілуде.

Мектепте пайдалану мерзімі өтіп кеткен 2014 және 2015 жылдары шығарылған екі қазан толықтай ауыс-тырылды. Олардың орнына қуаттылығы 350 кВт болатын жаңа заманауи қазандықтар орнатылды. Жаңа қазандықтар модификацияланған және қолданыстағы талаптар мен нормаларға толық сәйкес келеді.

Жуырда аудан басшысы Қаршыға Арынов аталған нысанда болып, жөндеу барысымен танысты. Әкім мердігер ұйымға жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

А.БОРАНБАЕВА.