Қарбыз жеуден жарысты

Қыр 25, 2025

Аққулы ауданы көпшілікке дәмі тіл үйірер қарбызымен танымал. Жасыл жеміс ауданның  брендіне айналған. «Жуырда  шаруалардың басын біріктірген дәстүрлі «Қарбызды жайлау» фестивалі өтті.

Биыл Аққулыда қарбыз алқабы айтарлықтай ұлғайған. Былтыр 1190 гектар жерге қарбыз егілсе, биыл бұл көрсеткіш 1910 гектарға жетіп отыр. Аудан бойынша 26 шаруа қожалығы тәтті өнім өсірумен айналысады. Шарбақты, Ямышев және Қарақала ауылдарында қарбыздың 62 түрлі сұрпы өсіріледі.

Дәстүрлі фестиваль аясында шаруалар тәтті қарбыз-қауындарын ұсынып, жиналғандар түрлі шараларға қатысты. Бұл ретте тұрғындар қарбыз көтеруден және қарбызды тез жеуден жарысты. Келушілерге дойбы жарысы ерекше қызық болды. Өйткені, ашық алаңға дойбы тақтасының орнына арнайы баннер төселіп, тастарды қауын-қарбыз алмастырды. Қатысушылар жұрт алдында дойбы ойнаудан шеберліктерін көрсетті. Жиналғандардың бәрі қарбыз-қауыннан дәм татып, көңілді тарасты.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.