Кент келбеті көркеюде

Қыр 25, 2025

Баянауыл ауданындағы халық саны көп өңірлердің бірі — Майқайың кенті. Аталған елді мекен тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалуда, дейді әкімдік өкілдері. Соның дәлеліндей, кентте абаттандыру жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

Бүгінгі таңда Майқайыңдағы көпқабатты тұрғын үйлердің жүздеген тұрғыны үшін қолайлы орта қалыптасып, ондағы балалардың бос уақыттарын көңілді өткізуіне арналған ойын алаңдары салынып, ескілері жөнделуде. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолына арнайы белгілер орнатылуда.

— Майқайың кентіне қарасты Үшқұлын ауылында 19 маусымдағы қатты желдің салдарынан 2 қабатты 8 үйдің шатыры зақымданған болатын. «Әк зауыты» ЖШС басшылығымен кездесу барысында бұл мәселе көтеріліп, шешім қабылданды. Нәтижесінде, әлеуметтік жауапкершілік есебінен 8 үйдің шатыры толықтай зауыт қаржысына ауыстырылуда, — дейді аудан әкімі Ардақ Кісентаев.

Осылайша, күн сайын кенттің келбеті көркейіп, тұрғындар үшін игі істер қолға алынуда. Атқарылып жатқан жұмыстарға майқайыңдықтар да дән риза.

Н.ШОДЫР.