Аудандағы мектептерде оқушыларды әділ болуға шақырған «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. Тәрбиелік мәні зор шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде өткізілді.
Бұл дүкеннің ерекшелігі — сатушы болмайды. Арнайы сөреде балаларға арналған тәтті тағамдар орналастырылды. Бағасы да арзан. Мәселен, дәмді тоқаштар, бауырсақ, вафли, құймақ, құрт, сусындар 20 теңгеден басталып 150 теңге аралығында сатылды. Оқушылар өздеріне қажетті асты бағасына қарап таңдап, касса деп жазылған қорапқа ақшаларын салды. Аудандық білім беру бөлімі мұндай шара ұрпақтың жүрегіне адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыратынын айтады. «Адалдық дүкені» аудандағы барлық мектепте ұйымдастырылуда.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.