Қараусыз мал апатқа ұрындырады

Қаз 2, 2025

Ауданда «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы өткізілуде. Учаскелік инспекторлар жол бойында қараусыз жайылып жүрген төрт түлікті арнайы тұрақтарға қамады.

Бақылаусыз жайылатын мал жол-көлік оқиғаларына себеп болатыны анық. Жуырда полицейлер жолда жүрген 25 жылқыны анықтады.

— Учаскелік инспекторлар қараусыз жүрген мал иелерін тапты. Малды жаю ережесін бұзғаны үшін төрт түлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аудан тұрғындары малдарын қараусыз қалдырмағаны жөн. Заңға бағынбаса, жазаланады, — дейді аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Атығай Айғазинов.

Жыл басынан бері ауданда жол бойында жайылған 100—ден астам мал арнайы тұраққа қамалған. Төрт түлікті бақыламаған 76 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.