Павлодар қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Павлодар облысында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы» атты баспасөз конференциясы өтті.
Шараға Павлодар облысы санитариялық-эпидемио-логиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанова, облыстық балалар ауруханасы директорының инфекциялық стаци-онар жөніндегі орынбасары Әсел Байғанова, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының инфекционист дәрігері Қымбат Темірбекқызы қатысты.
Зәмзәгүл Дощанованың айтуынша, өңірдегі эпиде-миоло-гиялық ахуал тұрақты. Ағымдағы жылдың тоғыз айында қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, биыл А (H1N1), H3N2 және В типті вирус штамдары өзекті болып саналады. Биыл қолданылып жатқан вакцина дәл осы үш штамды қамтиды.
Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауыратын балалардың саны сәл артқанымен, пневмониямен ауруханаға жатқызылғандар
15 пайызға азайған. Облыстық балалар жұқпалы аурулар стационарында қазіргі таңда 159 бала ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 112-сі ЖРВИ диагнозымен, 21 бала пневмониямен, 1 бала қызылшамен, ал 2 бала көкжөтелмен ауырып түсіп, дәрігердің бақылауымен емделуде. Науқастардың 90 пайызы — 5 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 35-і — бір жасқа толмаған сәбилер.
— Егер стационарда орын жетіспеушілігі байқалса, онда жеңіл дәрежеде ауырған балалар, соның ішінде тұмау немесе ЖРВИ-дің жеңіл не орташа түрімен ауыратындар үй жағдайында ем алуға жіберіледі, бірақ қазіргі уақытта стационарда бос орындар бар, — деді Әсел Байғанова.
Үкімет қаулысына сәйкес вакцинаны белгілі бір санаттағы азаматтарға, соның ішінде диспансерлік есепте тұрған балаларға, медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, әскери қызметкерлерге, жүкті-ліктің екінші және үшінші айындағы әйелдерге, егде жастағы азаматтарға және халықтың өзге де осал топтарына тегін салынады. 22 қыркүйектен бастап облыс бойынша 28396 адам тұмауға қарсы екпе алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес, халықтың кемінде 10 пайызы тұмауға қарсы вакциналануы қажет. Осы талапға сай, биыл облыс бойынша 10,3 пайыз халыққа екпе салу жоспарлануда. Екпе алғандардың ішінде
14 жасқа дейінгі балалар – 4308, ал ересектер 24088 адамды құрайды. Созылмалы аурулары бар балалардың 4378-і немесе 48,5 пайызы, ересектердің 12948-і не болмаса 52,6 пайызы вакцина алған. Сондай-ақ, 5382 медицина қызметкері, 405 жүкті әйел екпе алған.
Денсаулық сақтау саласының өкілдері тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және маусымдық вакцинадан уақытылы өтуді, жеке бас гигиенасын сақтауды, суық тию белгілері байқалған жағдайда жедел түрде дәрігерге жүгінуді ұсынды.
Нұрайым ҚАЛЫБЕК.