Соңғы үш жыл дересінде Екібастұз қаласының аумағында шыбын-шіркейге қарсы күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде тұрғындардың мазасын алар масаның саны едәуір азайғаны байқалады.
Таяуда қала басшылығы дезинсекциялық жұмыстарды қорытындылады. Шаһар әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, ғылыми топтың ұсынысымен үш жыл аралығында кезең-кезеңімен жаңа механизмдер енгізіліп, жұмыстар жоспары түзіліп отырды. Соның нәтижесінде жағдай айтарлықтай өзгеріп, қансорғыш жәндіктер қатары сиреді.
— Бүгінгі таңда барлығы 30 мың гектардан астам аумақты өңдейміз. Одан бөлек, су айдындарын биологиялық өңдеуге көштік. Тұрғындары көп Солнечный мен Шідерті кенттері де қамтылды. Мұның барлығы жоғары тиімділікті көрсетті, — деді А.Бейсекин.
Шаһар басшысы мердігер ұйым мен ғылыми топ өкілдеріне, салаға жауапты мамандарға нәтижелі жұмыс үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, келесі жылы атқарылуы тиіс дезинсекциялық жұмыстардың жоспары бекітілді.
Өз тілшіміз.

