Қайырымдылық — қадірлі іс

Қаз 30, 2025

Аудандық жастар белсенділігі орталығы қайырымдылық жасауды тоқтатқан емес. Игі іске еріктілер де тартылатынын  атап өткен жөн.

Жақында жастар «Қамқорлық» акциясы шеңберінде көмекке мұқтаж отбасының балаларына қажетті киім-кешекті табыс етті. Бұл істері арқылы олар балаларға жылу мен мейірім сыйлағандарын айтады.

— Жастар орталығы жалғызбасты қарт адамдарға және тағдыр жазуымен мүгедектікке душар болған жандардың ауласын абаттандырып, қыста көмірін енгізіп, ағаш жарып қолғабыс етеді. Жыл сайын жәрмеңке ұйымдастырып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеміз. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді, — дейді орталық директорының міндетін атқарушы Мәдина Кеңесова.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.