Жаңа нысандар – ел игілігіне

Қар 6, 2025

Ақсу қаласына қарасты бірнеше ауылдық аймақта әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Таяуда бірден бірқатар мекеме қолданысқа тапсырылуы тиіс.

Шаһар басшысы Болатбек Шәріпов алдымен Құркөл ауылындағы медициналық пункт пен Үштерек ауылындағы фельд-шерлік-акушерлік пунктке барды. Мұнда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қажетті жабдықтар орнатылды. Ендігі ретте қабылдау-тапсыру жұмыстары жүргізілуде.

Ал Еңбек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт мамандары науқастарды қабылдауды бастап кетті. Мұнда ауыл тұрғындарына қажетті медициналық қызмет көрсетілуде.

Сонымен қатар, Болатбек Кәрімұлы Үштерек орта мектебі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Бүгінде спорт нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанды пайдалануға беру рәсімі жүргізілуде. Жақын арада аталмыш ғимарат та ел игілігіне тапсырылады.

Өз тілшіміз. Ақсу қаласы