Май ауданында ІІІ аудандық ата-аналар форумы өтті. Жиынға ата-аналармен қатар, балалар құқықтарын қорғау, прокуратура, полиция өкілдері де қатысып, баяндама жасады.
Спикерлер баяндамада ата-аналарға «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық», «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары», «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала-ларды дамытудағы ата-аналардың рөлі» секілді тақырыптарда сөз қозғап, маңызды ақпарат-тармен бөлісті.
Форум аясында ата-аналарға психологиялық қолдау орта-лығының жұмыстары көрсетіліп, бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңестер берілді. Сонымен қатар, «Ұлттық STYLE» жобасы аясын-дағы «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» мүшелерінің қатысуымен ата-аналардың шығармашылық шеберлік сағаттары және «Отбасымның құнды жәдігері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ. Май ауданы.
