Басты міндет – халық қамы

Қар 13, 2025

Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру – әрбір әкімнің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл ретте, Баянауыл ауданы әкімдігінің есігі тұрғындарға әрдайым ашық екенін ерекше атап өткен жөн. Яғни, бұл өңірде әкімнің жеке қабылдауы жиі ұйымдастырылып тұрады.

Өткен аптада аудан әкімі Ардақ Кісентаев тағы да бір топ баянауылдықты қабылдап, оларды толғандырған мәселелермен таныс болды.

– Жүздесу барысында азаматтар өздерінің әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, жас маман ретінде тұрғын үйге қол жеткізу, жұмыспен қамту, несие және жерді жалға алу жайлы өтініштерін білдірді. Әрбір мәселе мұқият қаралып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Тұрғындарға заң аясында қолдау көрсету және талап-тілектерін жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылатын болады, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, ол халықпен ашық және тиімді диалог құру – басты міндеті екенін алға тартты.

Н.ШОДЫР.

Баянауыл ауданы