Ауыл жолы жаңармақ

Қар 13, 2025

Келесі жылдан бастап Ақтоғай ауданының Жолболды ауылы «Ауыл – ел бесігі» жобасына енгізілді. Жоба аясында ауылішілік Әйтеке би көшесі (1,8 шақырым) мен М.Әуезов көшесінің (1,7 шақырым) жолдары орташа жөндеуден өтпек.

Одан бөлек, биыл Ақтоғай-Шолақсор облыстық маңызы бар автожолында жалпы ұзындығы 19 шақырым (15-29 км және 30-35 км учаскелер) орташа жөндеу бойынша жоба іске асырылуда. «ПКФ ГОРДОРСТРОЙ» мердігерлік ұйымымен 923,6 млн теңгеге шарт жасалды. Жұмыстар осы жылдың маусым айында басталды.

Айта кетейік, бюджет қаражатының қысқаруына байланысты биыл Шұға ауылында шағын футбол алаңының құрылысы жүзеге аспайды. Бұл жоба келесі жылға шегерілді.

А.БОРАНБАЕВА.

Ақтоғай ауданы