Прокурормен кездесу

Жел 4, 2025

Ауданда «Заң  және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде прокурорлар ауылдарда көшпелі кездесу ұйымдастыруда.

Жуырда аудан прокуроры Ә.Саттыбаев Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп, криминогендік ахуал және құқықбұзушылық деңгейі туралы баяндады. Елді мекендердегі қылмыстың орын алуына ішімдік себеп екенін жеткізді. Осы орайда, жұртшылықпен «Ішімдіксіз ауыл» жобасын талқылады. Бұдан бөлек, кездесуге қатысушыларға интернет алаяқтығы жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берді. Сондай-ақ, денсаулық, білім беру және жұмыспен қамту салаларындағы заңға енгізілген өзгертулер сөз болды. Тұрғындар тұжырымдама аясында құқықтық сауаттылығын арттырып, көкейдегі сұрақтарын қоя алды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ертіс ауданы.