Жуырда аудан орталығында жұрт көп жиналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жергілікті өнім өндірушілер өз тауарларын тұрғындарға арзан бағада ұсынды.
Жәрмеңкеге Қызылағаш, Ямышев, Малыбай және Шарбақты ауылдарының кәсіпкерлері қатысты. Олар 1 литр сүтті 400 теңгеден, балдың келісін
2 мың теңгеден, құрттың келісін 2 мың 500 теңгеден сатты. Сонымен қатар, жәрмеңкеге келушілер 10 дана жұмыртқаны 475 теңгеге, 1 литр сұйық майды
775 теңгеге, картоптың келісін 100 теңгеге, пияздың келісін 120 теңгеден сатып алды. Сонымен қатар, нан өнімдері мен етке деген сұраныс жоғары болғанын атап өткен жөн. Жұртшылық мұндай жәрмеңкенің жиі өткізілуін сұрап көңілді тарасты.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
Аққулы ауданы.
