Құқықтық тәртіпті қолдайды

Жел 18, 2025

Ауданда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастар орталығы есірткіге тәуелділікке, алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Қоғамда құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан аумағында акция ұйымдастырылды. Жергілікті халыққа құқықтық және қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Заң нормаларын талдап,  құқықтық сауаттылықты арттырды. Сонымен қатар, тұрғындарға алақтардың әккі әрекеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Интернет алаяқтығының құрбаны болмау үшін қандай да бір тауар сатып аларда, пәтер жалдауда, тапсырыс беруде телефонның арғы жағындағы адаммен видео байланысқа шығып, сатып алатын заттың барына көз жеткізу керектігі айтылды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ертіс ауданы.