Тексеру күшейді

Жел 18, 2025

Жаңа жыл мерекесінің алдында шыршаларды заңсыз кесу оқиғалары жиі орын алатыны белгілі. Осыған орай шарбақтылық орманшылар рейдтік тексерулерді күшейтті.

Қазіргі таңда «Ертіс орманы» МОТР РММ қызметкерлері қылқан жапырақты ормандарды қорғау жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.

Мамандардың айтуынша, елімізде қарағайларды заңсыз кесуге қатаң тыйым салынған. Сондықтан олар тұрғындар арасында түсіндіндіру жұмыстарын жүргізіп, орманды қорғауға шақыруда. Ал заңды елемегендер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 381-1-бабының 3-тармағына сәйкес жазаланатын болады. Сол бойынша ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен немесе зақымдаған жеке тұлғаларға 150 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынбақ. Сондай-ақ, келтірілген зиян мөлшері
50 АЕК-тен асқан жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, дейді мамандар.

Н.ШОДЫР.

Шарбақты ауданы.