Бүгінде Ақтоғай ауданы аумағында қар тазалау шаралары қарқынды жүргізілуде. Сала қызметкерлері тәулік бойы тазалық шараларын кестеге сәйкес жүргізіп, көлік қозғалысы мен тұрғындардың жүріп-тұруына оңтайлы жағдай жасауда.
Мәселен, Ақтоғай ауылында өткен жылдың желтоқсан айынан бері 700 тонна қар шығарылды. Бұл жұмыстарға аудан бойынша 3 арнайы техника жұмыл-дырылды. Коммуналдық қызметтер кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген режимде жұмыс істеп, қар тазалауды тоқтатпай жүргізуде.
Қар тазалау тек жолдармен шектелмей, тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдары, сондай-ақ, көпшілік пайдаланатын қоғамдық орындар – саябақтар, аялдамалар, орталық алаңдар да жүйелі түрде таза-лануда. Сонымен қатар, аудан әкімшілігі тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қар шығару жұмыстарын үйлестіріп, көліктердің тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті қызметкерлер мен техника ресурстарын толық жұмылдырады.
А.БОРАНБАЕВА.
Ақтоғай ауданы.
