Бала тәрбиесі талқыланды

Ақп 26, 2026

Аудан орталығының Е.Мұқашев атындағы орта мектебінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ата-аналарға арналған танымдық шара өтті. Кездесу мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтуға, балалардың тәрбиесіне белсенді қатысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуде алғаш болып сөз  алған мектеп директоры Гүлдара Балтабекова білім ордасының негізгі бағыттары мен өзекті тақырыптары жөнінде баяндады. Ол ата-аналарды балалар тәрбиесіне тікелей қатысуға шақырып, мектеп пен отбасының үйлесімді ынтымақтасты-ғының бала тұлғасын қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында ата-аналар бірнеше кабинетке бөлініп, түрлі интер-активтік бағытта белсенділік танытты. Мәселен, ситуациялық тапсырмалар арқылы нақты өмірлік мысалдар талқыланып, пікірлерін ортаға салды. «Мінсіз ата-ана» моделі бойынша пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибелерімен бөлісті. Ал ашық әңгіме алаңында өзекті сұрақтарды көтеріп, мектептің тәрбие жұмысы жөнінде пікір алмасты.

Шара соңында «Relax time» айма-ғында еркін нұсқадағы кері байланыс ұйымдастырылып, ата-аналар өз ойлары мен ұсыныстарын бөлісті, ал тәжірибелі педагогтар кері байланысты жинақтап, талқылады.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

Май ауданы.