Май ауданында мектеп және балабақша психологтеріне арналған аудандық семинар өтті. Білім беру ұйымдарының мамандарын бір алаңға тоғыстырған бұл шара тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және кәсіби біліктілікті арттыруға мүмкіндік берді.
Семинар барысында аудандық аурухананың медициналық қызметкері Оттилья Гросс «Оқушылардың психо-логиялық жағдайы» тақырыбында баян-дама жасап, қазіргі таңда балалардың психикалық саулығын сақтау мен нығайтудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Облыстық «Ана үйі» қоғамдық қорының өкілдері Мәншүк Уәлиева мен Салтанат Сипатилова «Асырап алушы ата-аналар және олардың балаларына көмек көрсету» тақырыбында теориялық әрі практикалық бөлімдер ұйымдастырды. Қатысушылар асырап алушы отбасылармен жұмыс істеудің тиімді әдістерімен танысып, нақты кейстер негізінде тәжірибелік тапсырмалар орындады.
Семинар соңында психологтер арасында ашық пікір алмасу ұйымдас-тырылып, сұрақ-жауап бөлімі өтті. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелер бойынша ой қозғады.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
Май ауданы.
