Ойын алаңдары абаттандырылуда

Там 27, 2026

Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінде балалардың бос уақытын қауіпсіз әрі жайлы ортада өткізуіне жағдай жасау мақсатында ойын алаңдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендердегі балалар алаңдарының жабдықтары жаңартылып, олардың сыртқы келбетін жақсартуға мән беріліп отыр.

Ауылдық округ әкімдігінің мәліметінше, абаттандыру аясында ойын алаңдарындағы түрлі құрылғы мен қоршаулар сырланып, тозған элементтер қалпына келтірілген. Сонымен қатар, балалар жиі пайдаланатын ілмелі әткеншектер жаңасына ауыстырылды. Бұл жұмыстар ойын алаңдарының көркін келтіріп қана қоймай, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ауылдық округ аумағын көркейту мен қоғамдық орындарды күтіп ұстау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мұндай шаралар елді мекендердің ажарын арттырып, балалардың таза, көрікті және қауіпсіз ортада ойнауына жағдай жасайды.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

Ақтоғай ауданы