Аудан орталығында шет елден және оңтүстік өңірлерден көшіп келген қандастардың жаңа ортаға бейімделуіне қатысты консультациялық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында кездесу өтті.
Аталмыш шараға дүниежүзілік қазақ қауымдастығы облыстық филиалының басшысы Болат Зауытұлы, аудандық маслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ, соңғы бірнеше жылда ауданға көшіп келген қандас ағайындар қатысты. Жиын барысында азаматтық алу, көші-қон тәртібі, жұмысқа орналасу және басқа да құқықтық мәселелерге қатысты сауалдар қойылып, жауап берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» мен «Отандастар қоры» тарапынан іске асырылып жатқан жобалар таныс-тырылып, қандастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер туралы ақпарат жан-жақты түсіндірілді.
— Бізде көші-қонға байланысты заңдар мен ереже-тәртіптер жиі өзгеріп отырады. Осы үдеріске байланысты заңдар мен ережелерді шетелден келіп жатқан қандастарымызға дұрыс түсіндіріп, жүйелі насихаттау және олардың бұлжытпай орындалуын қадағалау керек. Жиын барысында қандас бауырлардың өңірге көшіп келуі барысында туындайтын мәселелері талқыланып, оның шешу жолдары қарастырылды, — деді Б.Зауытұлы.
А.МҰҚЫШЕВ.