Біреудің тыныштығын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ

Қаз 20, 2026

Түнгі уақыт – адамның тынығып, ертеңгі күнге күшжинайтын кезі. Көпшілік бұл сәтте жылдам ұйқыға кетіп, күндізгі қарбаластан демалуға асығады. Әрине, жекеүйлерде тұратын тұрғындарды көршісі мазасын алып, ешбір кедергі келтірмес. Ал көпқабатты үйлерде мұндайжайттар орын алатыны рас. Әсіресе, албырт жастардыңтүнде екінші тынысы ашылып, ұзақ уақыт әуенді бар шегіне қойып тыңдауға әуес келеді. Музыканың үні оларғажағымды болғанымен, басы жастыққа тиген көршілергетүрпідей тиіп, мазасын алуы әбден мүмкін. Бұдан өзге де әрекеттер арқылы көптің тыныштығын бұзу деректері де жоқ емес.

Осындай жайттар ескеріліп, заң жүзінде тыныштық уақыты да белгіленгелі қашан. Яғни, заң бойынша жұмыс күндері түнгі  сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейінгі аралық тыныштық мерзімі саналады. Ал демалыс күндері түнгі 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін біреудің тыныштығын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ.

Облыстық полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығыорынбасарының міндетін атқарушы Арман Қаптаевтың мәлімдеуінше, биыл жыл басынан бері аймақта тыныштықты бұзу фактілері бойынша 5226 адамәкімшілік жауапқа тартылған.

– Тұрғындардың тыныштығы мен жайлылығын қамтамасыз ету – полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Түнгі уақытта тыныштықты бұзуфактілері бойынша полицияға азаматтардан тұрақты түрде шақыртулар мен шағымдар түседі. Заңға сәйкес жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықтыбұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпенбайланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу тыныштықты бұзу болыпсаналады. Сонымен қатар, тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысыаумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы – заңға қайшы әрекет, – дейді А.Қаптаев.

Осы ретте, құзырлы орган профилактикалық сипатта жұмыстар жүргізеді. Азаматтарға түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты сақтаудың талаптарынтүсіндіреді. Дегенмен, түнгі шуға қатысты түрлі сипаттағы шақыртулар түсіптұрады.

– Шағымдардың басым бөлігі түнгі уақытта музыканы қатты қоюға, дауыстап сөйлесуге, жанжалдарға, айқай-шу мен ойын-сауық шараларынабайланысты болады. Сондай-ақ, теледидарды қатты дыбыспен көруге қатыстыда шағымдар бар. Көпқабатты тұрғын үйлерде көршілер арасындағытұрмыстық сипаттағы жанжалдар, балалардың қатты шулауы, жөндеужұмыстарын жүргізу және басқа да тұрғындардың тыныштығына кедергікелтіретін жағдайлар бойынша хабарламалар түседі, – дейді департамент өкілі.

Алайда, мамандар әр жағдайды жіті тексерген соң шара қолданады. Әрқайсысы жеке қаралады. Яғни, кез келген дыбыс автоматты түрде әкімшілікқұқықбұзушылық болып саналмайды.

– Мәселен, баланың жылауы немесе басқа да табиғи тұрмыстық дыбыстарүшін ата-ананы жауапкершілікке тарту туралы сөз болмауы тиіс. Ал түнгіуақытта жөндеу жұмыстарын жүргізу, құрылыс құралдарын пайдалану, музыканы қатты қою немесе өзге де әрекеттер көршілердің тыныштығынбұзатын болса, полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап, заң талаптарынасәйкес шара қолданады. Полиция қызметкерлері шақырту орнына барған кездеқұқықбұзушылықтың болған-болмағанын анықтайды, тараптардан түсініктемеалады және қажет болған жағдайда әкімшілік материал жинақтайды, –  дейді Арман Қаптаев.

Г.Түгелбай.