Аққулы ауданында «Заң мен тәртіп» апталығы өтті. Соныңаясында «Заң мен тәртіп – ортақ құндылық» атты ашық қоғамдықакция ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттырып, қоғамда заңға құрметпен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, дейді ұйымдастырушылар.
Игі шара барысында тұрғындарға өз құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заңталаптарына бағыну, қауіпсіздікті нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруғабағытталған жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін шектеу жәнеқауіпсіздікті сақтау туралы меморандумға қол қойылып, заң мен тәртіп тақырыбындамақалалар конкурсы өткізілді.
«Заң мен тәртіп – ортақ құндылық» акциясының соңы «Кешкі әуен» жобасыныңжабылу салтанатына ұласып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Н.ШОДЫР.
АҚҚУЛЫ АУДАНЫ
