Қалалық жерде көпқабатты тұрғын үйде тәртіпсіздік жағдайлары жиі туындап жатады. Соның бірі – көршілердің тыныштығын елемей, тәуліктің тыйым салынған уақытында қатты дыбысы шығатын жөндеу жұмыстарын жүргізу, сыртта естілетіндей айқау-шу, жанжал шығару. Ондайда өз тыныштығыңызды қорғау үшін полицияға хабарласып, мән-жайды баяндап, өтініш түсіруіңізге әбден болады.
Әрине, кейде шағым түсіргеннен кейін шу бәсеңдеп қалуы мүмкін. Мұндайда түнгі тыныштықты бұзу дерегін қалай дәлелдеу керек деген сұрақ та туындайды.
– Ең бастысы, құқықбұзушылық орын алған кезде полицияға дереу хабарласуқажет. Полиция қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына барып, жағдайды сол жерде тексереді. Полиция келгенге дейін шу тоқтатылған болсада, тұрғындар өздерінде бар дәлелдерді ұсына алады. Мысалы, бейнежазба, аудиожазба, куәлардың түсініктемелері және басқа да материалдар құқықбұзушылықтың мән-жайын анықтауға көмектеседі. Сонымен бірг ешақыртудың өзі де тіркеледі. Қай уақытта, қандай себеппен хабарласқаны, полиция қызметкерлерінің келген кездегі жағдайы және азаматтардыңтүсініктемелері тексеру барысында бағаланады, – дейді полицейлер.
Демек, тұрғындар «полиция келгенше тоқтап қалды, енді дәлелдейалмаймыз» деп уайымдаудың қажеті жоқ. Қолда бар барлық мәліметті полиция қызметкерлеріне хабарлау керек.
Мамандар тыныштықты бұзу тек музыканың қатты шығуыменшектелмейтінін айтады. Кейде кір жуғыш машинаның немесе шаңсорғыштың дауысы иесіне қалыпты көрінгенімен тыныштық уақытында көршісіне кедергі келтіруі мүмкін. Айқай-шу, қатты музыка, жөндеу және құрылыс жұмыстары, түрлі дыбыстық құрылғыларды шамадан тыс пайдалану және басқа да әрекеттер жағдайға қарай құқық бұзушылық ретінде бағалануы мүмкін. Құзырлы орган әрбір жағдай нақты мән-жайлар негізінде қаралатынын айтады. Яғни, полиция қызметкері шақырту орнына барып, шудың сипатын, уақытын, оның тұрғындарға әсерін және басқа да жағдайларды анықтайды. Демек, кезкелген дыбысты автоматты түрде «тыныштықты бұзу» деп бағалауға болмайды. Құқықтық баға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес беріледі.
Осы ретте, құқық қорғау органдары көп жағдайда мәселені көршілердің өзара сыйластығы мен қарапайым жауапкершілігі арқылы шешуге болатынын алға тартады. Яғни, өзгені де құрметтей білуге қоғам үйрену керек. Сонда мұндай келеңсіздіктер бойынша керісудің де жөні болмаседі.
Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.
