29 қарашада елімізде барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы өтеді. Осыған орай облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары мәслихат депутатына үміткерлердің активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруы тиіс екенін еске салып отыр.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттар мен олардың жұбайлары тіркеуден өткенге дейін мемлекеттік кірістер органдарына тұрғылықты мекенжайы бойынша 2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай негізінде декларация тапсыруға міндетті.
– Декларацияда құқықтары мен мәмілелері шет мемлекетте мемлекеттік тіркелуге жататын шетелдегі мүлікті (жылжымайтын мүлік, жер учаскелері мен үлестері, әуе және теңіз кемелері, «өзен-теңіз» кемелері, көлік құралдары, арнайы техника, тіркемелер), сондай-ақ жиынтығында 1000 айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға шетелдік банктік шоттардағы ақшаны көрсету қажет, – делінген департамент мәліметінде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мүлік пен міндеттемелер, соның ішінде тұрғын үй құрылысына және ҚР-дан тыс жерде құрылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (ТҚҚ), цифрлық активтер көрсетіледі. Инвестициялық алтын, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, 10 000 АЕК шегіндегі қолма-қол ақша, шетелдік брокерлік шоттардағы ақша, бағалау құны болған жағдайда өз қалауы бойынша құны 1000 АЕК-тен асатын басқа да мүлік, сондай-ақ жеке тұлғалар арасында нотариалды куәландырылған, жеке және заңды тұлға немесе ЖК (соның ішінде бейрезидент) арасындағы салыстыру актісімен және АҚШ (азаматтық-құқықтық сипаттағы) шартымен не заңды күшіне енген сот шешімімен расталған дебиторлық және кредиторлық берешек те декларацияда көрінуі тиіс. Банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілмейді.
Мамандар декларацияны толтырар алдында растайтын құжаттарды алдын ала дайындау қажеттігін еске салады. Атап айтқанда, егер бірлік кұні 1000 АЕК аспаса, қалауы бойынша өзге мүліктің декларациясын ұсыну мерзімінен кешіктірмей, тәуелсіз бағалаудан өткізу керек және декларация түзу күнінде пайда болған жеке тұлғалар арасындағы кредиторлық және дебиторлық берешектерді нотариуста куәландыру қажет.
Есепті тапсырар алдында ақпаратты ресми ресурстардан тексеру ұсынылып отыр. Яғни, құнды қағаздар бойынша мәліметті https://sso.kcsd.kz сайтынан таба алады. Мәліметтер дұрыс болмаса, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ға жүгінеді. Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу шарттары бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетке Е-otinish арқылы өтінім жібереді. Зияткерлік меншік, авторлық құқық нысандары бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz сайтынан қарауға болады. Мәліметтер қате болса, ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік орталығы» мекемесінен анықтайды. Сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша ақпаратты https://egov.kz/ru/services/presale/P3004 сайтынан қарайды. Мүліктің бар-жоғы туралы анықтаманы жеке тұлғалар үшін (6-нысан) egov.kz/ru/services/presale/3061 платформасынан алады. Мәліметтерде қателік кездессе, «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ 1414-ке хабарласуға болады. Дебиторлық/кредиторлық берешектің бар-жоғы бойынша Республикалық нотариалдық палатаға өтінім жолдайды.
Департамент мамандары дек-ларацияны кандидаттар https://knp.kgd.gov.kz/signin сайтындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеуші кабинеті» web-порталы арқылы электронды түрде немесе мемлекеттік кірістер органдарына барып, қағаз тасымалдағыштармен тапсыруға, сондай-ақ тапсырыс хатпен пошта арқылы жолдауға болады. Осы рәсімдерге қатысты кез келген сұрағыңызды 1414 нөмірі арқылы қоюға немесе тұрғылықты мекені бойынша салық органдарының көмегіне жүгінуге болады.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.
