Естай атындағы мәдениет сарайында Халық жазушысы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Ақынның сыйлығынан сөзі қымбат» атты өңірлік айтыс ұйымдастырылды. Дүбірлі додада 10-нан астам айтыскер ақын бақ сынасты. Жүйріктердің қатарында жас айтыс-керлер де өнер көрсетті.

Жыр додасында Бексұлтан Қайдар, Гүлшекер Батай, Оразбек Саяхат, Нұрқанат Қайрат, Бөкен Жігер, Ерлан Аманқожа, Нұрбек Бәкір, Қайролла Хафиз, Қазбек Ибрахим, Алпысбай Хонж, Нұрсұлтан Рымбай және Мизан Жұмалі сынды өңірдің айтыскерлері жарысты. Сөз шеберлері байқауының нәтижесі бойынша, бас жүлдені және 500 мың теңгелік сертификатты Нұрбек Бәкір иеленді. Бірінші орынды Қайролла Хафиз иеленіп, 400 мың теңге алды. Екінші орынды және 250 мың теңгелік сыйақыға Нұрқанат Қайрат пен Бөкен Жігер ие болды. Үшінші орынға Оразбек Саяхат пен Нұрсұлтан Рымбай табан тіреп, 150 мың теңгелік сертификаттың иелері атанды. Зекебай Солтанбайұлы атындағы арнайы жүлде Алпысбай Хонжға, Арман Қани атындағы арнайы жүлде Ерлан Аманқожаға бұйырды. Арнайы жүлде алғандарға 100 мың теңгелік сыйақы табысталды. Сонымен қатар, әр қатысқан ақынға 80 мың теңгелік ынталандыру жүлдесі берілді. Айта кету керек, аталмыш айтысқа қатысқан ең жас ақын — Қазбек Ибрахим. Бүгінде ақынның жасы 16-да. Бұған дейін де бірнеше айтысқа қатысып, халықтың ықыласына ие болып жүр.

 

Өз тілшіміз.