Орталық қалалық кітапхананың О.Сүлейменов атындағы оқу залында ақын, журналист Шолпан Байғалының 75 жылдық мерейтойына орай «Жырлайды
жүрек» атты жарқын жүздесу кеші өтті. Кеште қаламгер жайлы сыр шертіліп, өлеңдері оқылды.
Оқу залында кездесу кешіне орай ақын Шолпан Байғалының шығармашылығына байланысты кітапхана қорындағы кітаптарынан және жергілікті мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалаларынан «Сезімді қайтем тулаған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Алғашқы құттықтау сөз алған орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысының орынбасары Анар Бегеева қаламгерді 75 жас мерейтойымен құттықтап, өз жылы лебізін білдірді. Келген қонақтар кеш иесінің шығармашылығы жайлы айтып, қаламгердің еңбек жолындағы өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, қаламгердің шығар-машылық жолына, жеткен жетіс-тіктеріне бүгінгі күнге дейін атқар-
ған қызметтеріне тоқталып, өлке-міздің игілігі үшін жасап жатқан мәдени, рухани, әдеби қызметі жайлы кеңінен тоқталып кетті.
— Шолпанның тек жақсы қырларын көрдім. Әр кітабының жазылу сәтіне куәмін. Мәселен, «Сағыныш сазы», «Қызыл таңым» секілді кітаптарына енген өлеңдерінің біріне кейіпкермін. Ол ақын-дығынан бөлек, жазушылығымен де танымал. Сондай-ақ, журналистика саласында табанды еңбек етті. Кезінде «Сағым жылдар» ансамблінің құрылуына да себепкер болды, — дейді «Сағым жылдар» ансамблінің төрайымы Бақытжан Елеукенова. Ал ақынның өзі 2 томдық «Таңшолпан» жинағының 3-ші кітабын жыл соңына дейін шығару ойда бар екенін айтты.
— Өлең – менің өмірім. Алғаш рет «Ай-нұрым менің» атты шағын жыр жинағым жарық көрді. Кейін бірнеше кітап шығарылды. Олардың көпшілігі аймақтың тарихына арналған. Бүгінде «Таңшолпан» еңбегінің кезекті шығарылымын жинақтап жатырмын, — дейді автор. Кеште Шолпан Байғалы өлеңдерінің жазылу тарихы туралы қызықты әңгімелеп берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сауалдар қойып, ақынмен сұхбат әдемі жалғасты.
Айдана БОРАНБАЕВА.
Суретті түсірген – Есенжол Исабек.