Ауданның шаруалары картоп жинауға кірісті. Жыл сайын «екінші нан» өсірілетін суармалы алқап көлемі артуда. Бұл ауа райына тәуелділіктен арылтып, жыл сайын жоспарлы өнім алуға мүмкіндік беріп отыр.

Ауданда биыл 1743 гектарға картоп егілген. Қазіргі таңда 290 гектардан өнім жиналған. Жалпы жиналған картоп көлемі – 8 мың 700 тонна. Гектарынан 300 центнерден өнім алынуда.

— Жаңбырлы күндер шаруаларға біраз кедергі келтіріп отыр. Он күндей жаңбырдың салдарынан жұмыстар тоқтап тұрды. Дегенмен, картопты уақытылы жинап алуға күш салынуда. Техника жеткілікті, — дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы Николай Нижник.

 

Г.МАҒЖАН.