Ақтоғай ауданындағы барлық әлеуметтік нысан жылыту маусымына толықтай дайын деуге негіз бар. Бүгінде мекемелерге жалпы көлемі 3185 тонна көмір жеткізілді.

Ауданда тұрғындар үшін көмірдің негізгі жеткізушісі — Ақтоғай ауылында орналасқан «Транс-Дейл» ЖШС. Осы жеткізушінің сол елді мекенде көмірді сақтауға арналған қоймасы орналасқан. Сондай-ақ, ауданның елді мекендерінде көмір сатумен 23 жеке кәсіпкер айналысады. Бүгінде қоңыр көмірдің бағасы ауылдың қашықтығына байланысты тоннасына 20000 теңгеден 21000 теңгеге дейін болса, ал тас көмір тоннасына 12000-15000 теңгені құрайды. Айта кетейік, бүгінде бюджеттік саладағы 26 қазандықтың 22-сі сенімгерлік басқаруда болса, 4 қазандық баланс ұстаушыларға қызмет көрсетуде.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.