Павлодар облысында бірнеше ауылдық округте әкімдер сайлауы өтеді. Жергілікті тұрғындар таңдаған кандидатқа дауыс беру арқылы әкімді сайлайды.
Павлодар қаласы, Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл және Тереңкөл ауданы аймақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, сайлау 28 шілде өтеді деп белгіленген. Бұл күні Мойылды ауылы, Аққулы ауданының Қызыл-ағаш ауылдық округі, Ақтоғай ауданының Ақжол ауылдық округі, Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылдық округі, Тереңкөл ауданының Алтай ауылдық округінің тұрғындары өз таңдауларын жасайды.
Қазіргі уақытта жергілікті сайлау комиссияларында кандидаттар тіркелуде. Мәселен, Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылы және Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі лауазымына 3 адам кандидат ретінде тіркелді. Ал Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылының әкімі атанудан 2 кандидат
үмітті. Тереңкөл ауданы Алтай ауылдық окру-гінің және Аққулы ауданы Қызылағаш ауылдық округінің тұрғындары да жаңа әкімді 3 кандидаттың ішінен таңдайды.
Өз тілшіміз.