Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жыл басынан бері 1889 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, Павлодарда Катаев-Амангелді көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының инспекторлары «ВАЗ 21144» маркалы автокөлікті тоқтатты. Оның алдыңғы бүйір әйнектерінде қосымша заттар – перделер орнатылған. Жүргізуші полиция талаптарына түсіністікпен қарады. Басқа жағдайда, Толстой көшесінде «Hyundai Tucson» көлігінің жүргізушісі алдыңғы әйнекте және есіктің бүйірлік терезе саңылауларында жүргізушінің көрінісін нашарлататын пленка жапсырған. Полицейлердің қатысуымен олар пленканы өздері алып тастады. Жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 10 АЕК айыппұл салынды.
— Жүргізушінің көрінуін шектейтін себептердің бірі — алдыңғы және алдыңғы бүйірлік әйнектердің тонусы, бұл апатқа әкелуі мүмкін, әсіресе қараңғы уақытта. Көлік құралы салонының алдыңғы және алдыңғы бүйір шыныларына мөлдір түсті пленкаларды жабуға немесе жапсыруға тыйым салынады, – деп түсіндірді взвод командирінің міндетін атқарушы Жәнібек Шәкіров.
Айдана ҚУАНЫШЕВА.