Ауданда қазіргі таңда шаруалар малдың қысқы азығын әзірлеуге белсене кіріскен. Бүгінде 54 мың гектар алқаптан шөп шабылған. Бұл — жылдық жоспардың 66,3 пайызы.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылы 82,1 мың гектар шабын-дықтан шөп дайындау жоспарланған. Яғни, ауданда 113,7 мың тонна шөп әзірленуі тиіс. Қазіргі таңда 64,1 мың тонна шөп шабылыпты. Биыл шөп шығымы гектарынан 11,8 центнерді құраған. Ал жайылымдық алқаптағы өнімділік гектарынан 25 центнерден асқан. 1,8 гектар жайылымдық жерден 4,6 мың тонна шөп шабылған екен. Жалпы, шабылған шөптің 60 мың тоннасы іргеге жеткізіліпті.

 

Г.ТҮГЕЛБАЙ.