Аудандық аурухананың жылу қазандығына күрделі жөндеу жүргізілуде. Мұндағы жұмыстар биыл мамыр айының аяғында басталған.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Роман Пактың айтуынша, мұнда төрт қазандық, ішкі құбырлар ауыстырылмақ. Электр сымдары да жаңартылады. Түтін мұржалары ауыстырылып, күлді ұстап қалатын қондырғылар орнатылады. Содан кейін ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Күрделі жөндеуге жауапты мердігер «Реагент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоспарға сәйкес тамыз айының соңында нысанды қолданысқа тапсыруы тиіс. Бұл жұмыстарға қазынадан 122 млн теңге қарастырылған.
Г.МАҒЖАН.