Үкімет халықтың әл-ауқатын арттырып, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған бір-қатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның бірі — елді сапалы ауызсумен қамту мәселесі.

Аудан әкімі Нұрболат Мақашевтың айтуынша, соңғы жылдары аудан көлемінде, оның ішінде, ауылдық eлді мекендерді орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Мәселен, жуырда Қаратай ауылындағы жаңа су құбырының құрылысы аяқталып, жергілікті тұрғындардың игілігіне ұсынылмақ.

— Қаратай ауылында болып, су құбыры құрылысының барысымен таныстым. Қазіргі уақытта нысанды іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада су құбыры желілерінің жүйесі тазартылып, қолданысқа беріледі. Бүгінгі таңда ауызсудың сапасы тексеріліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан кейін нысан пайдалануға беріледі, — деді аудан әкімі.

 

А.МҰҚЫШЕВ.