Орман, су шаруашылықтарында атқарылар жұмыстармен қатар, жауапкершілікте жоғары. Сондықтан бұл саланы техникалармен қамтудың бүгінде маңызы жоғары. Жуырда осы мақсатта Май ауданының орман шаруашылығы мекемесі өрт сөндіру  техникаларымен жаңартылды. 

Май ауданының әкімі Қадылжан Сәтиев аудандық саладағы мекемелерге барынша жағдай жасалып жатқанын алға тартып, соған сәйкес жұмыс та нәтижелі болатынына сенім білдірді.

— Облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен өңірлердегі орманшылықтардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр. Бүгінде ауданға 1 өрт сөндіргіш «КамАЗ» көлігі, 1 трактор, 1 шағын өрт сөндіру машинасы және 5 мотоцикл сатып алынды. Алдағы уақытта өзге де техникалар жаңартылмақ, — деді аудан әкімі.

Айта кетейік, аудандық орман шаруа-шылығында қазіргі уақытта 22 адам еңбек етеді.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.