Ауданда «ADAL» еріктілер қозғалысының мүшелері жалғызілікті қарттарға әрдайым қол ұшын беріп, жәрдемдесуді әдетке айналдырған.
Жуырда аудан орталығының осындай санатқа жататын тұрғынының ауласын тазартып, көмектесті. Сондай-ақ, олар азық-түлік себетін табыстады. Мұндай азық-түлік себеттерін ауданның бірқатар әлеуметтік осал топтарына да таратып шықты. Мұндай көмек көрсетуге ауданның қайырымды жандары үлесін қосқан. Қарапайым тұрғындармен қатар «Ағайын», «Бекарыс», «Добрый» дүкендерінің иелері де атсалысыпты. Ерікті жастар жаны жабырқау азаматтарға жылулық сыйлауға жан-жақты қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтуда.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.