Жыл басынан бері ауданда 25 отбасы мемлекет тарапынан берілетін грантты ұтып алып, кәсіп бастады. Бұл ретте ауыл тұрғындары жалпы сомасы 36,9 млн теңгеге ие болды.
Қайтарымсыз грантты ұтып алғандардың ішінде 17 адам мал шаруашылығын дамытуды қолға алса, 8 адам жеке бизнес ашып, қаражатты құрал-жабдық алуға жұмсаған. Мемлекет тарапынан берілген қолдауды пайдаланғандардың ішінде 11 көпбалалы отбасы, 7 мүмкіндігі шектеулі жан, 4 қоныс аударған отбасы, 2 асыраушысынан айырылған және мүгедек баланы бағып отырған отбасылар бар.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қайтарымсыз грант жоғарыда аталған санаттарға беріледі. Бұл ретте қатысушыда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгергенін растайтын сертификат болуы шарт. Оны оқыған мерзімі 3 жылдан аспауы керек. Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Яғни, қатысушылар мемлекет тарапынан 1,5 млн теңге шамасында грант ұтып ала алады.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.