Железин ауданының шаруалары малдың жем-шөбін дайындауға мықтап кіріскен. Бүгінде жоспардың 90 пайызын орындапты.

Төрт түлікті қыстан аман-есен алып шығу үшін ауданда биыл 115 мың гектар шабындықтан шөп шабылуы тиіс. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда шаруалар 104 мың гектар алқаптан шөп шауып үлгерген. Бұл — жалпы жоспардың 90 пайызы. Осылайша, 98 мың тонна шөп дайындалыпты. Әлі жоспарды 106,3 мың тоннаға жеткізу керек. Қыстаққа шабылған шөптің 44 мың тоннасы жеткізілген. Ағымдағы жылы ауа райының жайлылығынан шөптің де шығымдылығы шаруаларға алдағы қыстан алаңсыз шығуға сенімділік беріп отыр. Шаруалар әр гектардан орта есеппен 9,4 центнерден алуда.

Жеке аулалардағы төрт түлік үшін тұрғындар шөпті ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінен, сондай-ақ, шөп шабумен айналысатын жеке тұлғалардан сатып алуда. Бөлімнің берген мәліметіне сүйенсек, шөптің бір орамасы 5 мың теңгеден 8 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылуда.

 

Г.ТҮГЕЛБАЙ.