ҚР Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ақпараттық жүйесінде (АШЖС) сою орындарында сараптама актісімен анықтама беру процесі цифрландырылды. Малдың толық өмірлік циклі туралы барлық ақпарат QR коды арқылы қалыптасады.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы жануарларын қадағалау жүйесі одан әрі қарай жетілдіріледі. Бұл қызмет жүйенің «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» жаңа модулінде көрсетілген. Баспасөз қызметінде түсіндірілгендей, АШЖС-де қалыптасқан QR ет сатылатын орындарға орналастырылады, бұл жануарларды ветеринариялық тексерусіз және ұшалар мен органдарға сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жаңа модуль Алматы, Павлодар облыстарында және Жетісу облысында пилоттық режимде сыналуда.
Бұл тәсіл шекаралық өткізу пункт-терінде де енгізілді. Келіп түскен жүктер туралы мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі, тексеру және сынама алу актілерінің электрондық нысандарын қалыптастырады, оларды мемлекеттік ветеринариялық инспек-торға және ветеринариялық зертхана қызметкеріне жібереді. Жүйе Павлодар облысындағы шекара маңы пункттерінде тестілеуден сәтті өтті.
— Ел аумағында союдың 904 объектісі бар, оның ішінде 109 ет өңдейтін кәсіпорын, 281 сою пункті және 514 сою алаңы бар. Ветеринариялық талаптарға сәйкес келмегендіктен 106 сою нысаны жабылды, 2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 661 сою алаңының есептік нөмірлері кері қайтарылды, — деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
Вице-министр сондай-ақ, барлық ірі ауылдық округтерде ветеринар-лық-санитарлық сараптама зертханасымен сою пункттерін ашу қажеттігін атап өтті.
— Сою алаңдары өтпелі кезеңге мәжбүрлі шара ретінде ашылған-дықтан, қазір біз заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, содан кейін сою алаңдары бұдан былай болмайды, — деді ол.
Әзірлеген – А.МҰҚЫШЕВ